Тіректі елді-мекендер тізіміне енген Өркендеу ауылындағы Орталық саябақ пен жастар алаңына 2015 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ауыл орталығындағы 2 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 4 көшеге 80 дана түнгі жарықшамдары орнатылды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша ауылдық клуб үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 22 адам уақытша жұмыспен қамтылды.
Ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. 2015 жылы «Тегін медициналық қызметтің» кепілдік берілген көлемінің шеңберінде 1 млн 161 мың теңгенің дәрісі тұрғындарға тегін берілген.
Ауыл шаруалары мемлекеттік бағдарламалар игілігін көріп отыр. «Ерасыл» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы, 2 кәсіпкер «Эко даму» бағдарламасы, «Мерей» шаруа қожалығы «Егінжай» бағдарламасы арқылы несие алып, шаруашылықпен айналысуда.