Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЛА ӘКІМІ НӘРЕСТЕГЕ ЕСІМ ҚОЙДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ НӘРЕСТЕГЕ ЕСІМ ҚОЙДЫТұңғыш Президент күні мерекесінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалалық перзентханада болып, атаулы мейрамда дүниеге перзент алып келген жас аналарды қос қуаныштарымен құттықтады. 
Қала әкімі еліміздің демографиялық өсуіне және жас мемлекетіміздің дамуына жас отбасылардың қосар үлесі зор екендігін атап өтті. Бүгінгідей мерейлі мереке күні дүние есігін ашқан сәбилерге сыйлықтарын үлестірген қала әкімі, бірқатарына туу туралы куәліктерін табыстаса, дүние есігін ашқанына енді ғана бір сағат толған сәбиге, ырымдап Нұрсұлтан деген есім берді. Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша бүгін 8 сәби дүниеге келген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: