Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада мектепке газ шашқан оқушылар болуы мүмкін

Қызылордада оқыс оқиға! Мұнда 81 оқушы мен 2 мұғалім газдан уланып қалды. Оқыс оқиға Қалтай Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназияда болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

 

Ақманат Ниятова, оқушының анасы:
-Үлкен қызым, 6-шы сынып оқушысы Әмірхан Сара хабарласты. Басым ауырып тұр. Біздің мектепте газдың иісі шығып жатыр деді.  Жұмыстан жедел жеткеннен кейін қызымның екі көзі қызарып, басы айналып тұрғанын көрдім.
Екінші ауысым кезінде мектеп ғимаратындағы белгісіз улы иістен оқушылар өздерін жайсыз сезініпті. Балалар дереу қауіпсіз жерге шығарылып, жедел жәрдем шақырылған. Біразына сол жерде көмек көрсетілгенімен, 47 оқушы әлі де дәрігерлердің бақылауында. Қалғандары үйіне жіберілген. Мектеп басшылығы білім ошағындағы төтенше жағдайды сотқар оқушылардың әрекеті деп отыр. Десе де, 81 оқушы мен 2 ұстаздың улануының нақты себебін Астанадан жеткен мамандар  анықтайтын болады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: