Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ФОРУМЫ ӨТТІҚазалы ауданының экономикасын ілгерілетуге үлес қосып отырған табысты жандар бүгін іскер әйелдер форумында бас қосты. 
Басты мақсат – әйелдер мүмкіндіктерін кеңейту, әйел кәсіпкерлігін дәріптеу, бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламаларына әйелдердің қатысуын жандандыру. 
Аудан әкімі Нажмадин Шамұратов: «ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамытушылар саны 3989 бірлікті құрап, онда жұмыспен қамтылған адамдар саны 8611-ге жетсе, оның 1713-і әйел кәсіпкерлер. Яғни, ауданда кәсіпкерлікпен айналысушылардың 43,0 пайызын әйел азаматшалар құрайды» - деді. 
Іскер әйелдер форумында нәзік жандылар өзара тәжірибе алмасып, жұмыстарын қортындылады. Алда тұрған ортақ міндеттер туралы ой бөлісті.
Қатысушылар «бұл форум бізге білімімізді арттырып, бір-бірімізден көп нәрсе үйренуге мүмкіндік береді. Өзгелердің жетістіктеріне жаңаша көзқараспен қарап, қолдау жасауға ұмтыламыз» - дейді.
Форум қорытындысымен бір топ әйел кәсіпкерлер аудан әкімінің, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының, Кәсіпкерлер палатасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: