Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалдыОблыс әкімінің 2015 жылғы 8 қазандағы өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына Сүлейменов Серік Жүсіпұлы тағайындалды.
Серік Жүсіпұлы 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, математика және құқықтану біліктілігін алған.
Еңбек жолын 1992 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ заң басқармасының бастығы қызметінен бастаған. 1997-2003 жылдары «Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қоры» АҚ бас директоры, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, «Темірбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2003-2014 жылдары «Қазақстанның коммуналдық жүйелері» АҚ президенті, «Маңғыстау электр тарату тораптары компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бас инспекторы, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарған. 
2014 жылдан «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Жүсіпұлы құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс салаларына жетекшілік ететін болады. 
Айта кетейік, осыған дейін облыс әкімі орынбасарының қызметін атқарып келген Нұржан Әлібаев «СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы болып тағайындалған болатын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: