Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыл кәсіпкері мал бордақылау ісін дамытты

Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округі көлемінде 2 ЖШС, 56 жеке кәсіпкер, 17 шаруа қожалығы, 1 өндірістік кооператив жұмыс істейді. Мемлекет қолдауы арқасында кәсібін дөңгелеткен кәсіпкер аз емес. Солардың бірі – Ғани Бәйімбетовтың басқаратын «Ғани» ЖК.
Кең қораға келістіріп, мал орнын орналастырған. Жем-шөптің қымбаттауы болмаса кәсіпкер ауыр жұмыстан тартынып тұрған жоқ. Өткен жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 4 млн теңге несиеге қол жеткізіп, оған 24 бас жылқы, 9 ірі қара мал алған.
– Менің негізгі бағытым – бордақылау. Семіз малға сұраныс артатыны өздігінен белгілі. Қазір халықты етпен қамтамасыз етуге бет бұрдым. Мұның пайдасы қыруар болмағанмен отбасы бюджетіне кіріс әкеледі, – дейді ол.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: