Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қуат Хамитов өзі ессіз ғашық болған алғашқы махаббатын көрсетті

Қуат Хамитовтың алғашқы бала махаббаты кім? Спортшы жауапсыз махаббатын бүгін күліп қана еске алады. Хамитов бала Қуаттың көрші қыздан таяқ жегенін, ең алғаш жанармай бекетінде жұмыс істеп нәпақа тапқанын басқа да қызықтарын айтты. Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды, деп жазады stan.kz жазды. 
Қуат Хамитов сыныптағы ең кішкентай оқушы болған. Бойы аласа, салмағы жеңіл ол өзінің болашақта әйгілі спортшы болатынын айтып өскен. Ол кезде ешкім сенбегенімен, қазір осы сөзін бәрі мойындап жүр. 
"Мен ең кішкентай бала болдым. Бірақ спортшы болам, танымал болам, сол кезде бәрің менімен мақтанасыңдар деп айтатынмын. Жындының сандырағы келеді дегендей болды. Он жылдық кездесуде бәрі сол сөзімді айтты. Менімен суретке түсті. Мен осы жолда арманым орындалды деп санаймын. Алладан соны тіледім. Басқада жолым болмаса да, спортта жетістікке жетсем дедім. Содан болар, спортта бағым жанды. Бірақ жеке өмірде жалғызбын. Мен сүйген қыздар қасымда емес", - деді спортшы. 
Қуат Найман бала күнінде көршінің алмасын ұрлап, таяқ жеген күнін еске алды. Өзін ұрып жылатқан қыз студияға келіп, талай қызықты еске алысты. 
"Бізде алма ағашы болатын. Әкем екеуміз оны аңдимыз. Балалар келіп ағашты сындырып, бұтағын сындырып, алмасын ұрлайды. Бір күні аңдуға шықтық. Балалар қақпадан секіріп түсті. Алма ұрлай бастады. Біз қуа беріп едік, бәрі қаша жөнелді. Ағаштың басында Қуат қана қалды. Мен оны ұстап алып ұрдым. Ол жылап жіберді. Ол кезде бала ғой. Жеті, сегізінші сыныпта оқиды", - деді Алтынай есімді көршісі. 
"Алманың өзін ғана ұрламай, ағашымен сындырып аламын. Көшеге барып алмасын үземіз. Содан болар бізді аңдып, қуа беретін. Алмасын сұрасақ та беретін еді ғой. Немесе мәдениетті түрде ұрлап, бұтағына тиіспесеп болар еді ғой", - деді спортшы. 
Хамитов көршісін танып, қайта татуласты. 
"9-сынып бітірген уақытта жақсы оқитын балалардың бәрі колледжге түсіп кетті. Мен де кетіп қалуым керек еді деп өкініп жүрдім. Бір күні сыныпқа бөтен қыз кіріп келді. Мен оны бір көргеннен ұнаттым. Оқуға кетпегенім үшін қуандым. Сол қызды көру үшін мектепке баратынмын. Оған шоколад алып беретінмін. Есімі Мақпал еді. Ол да маған күліп қарады. Бірақ мен сезімімді білдірген жоқпын. Сөз салған да жоқпын. Солай мектеп бііріп кеттік. Кейін студент болдық. Бәрі ұмытылды. Кейін бір тойда кездестік. Оны жақсы көргенімді сол кезде айттым. Ол менің сезімімді білдірмегеніме таңғалды. Менің әпкеме, ешқандай сөз салмағанымды айтыпты", - деді Хамитов. 
Мақпал бүгінде өзгенің сүйгені. Хамитов сезімін білдіре амай кеткен арудың бірі - Сабина Алтынбекова. Спортшы қыз да бір сөзінде "Қуат неге сезімін елге айтып жүр, бетке айтпай ма?" деп жауап берген еді. 
Хамитов алғаш қалаға келгенде жанармай бекетінде жұмыс істегенін айтты.
"Ол кезде 25 мың теңге жалақы аламын. Күнделікті 500 теңгедей табамын. Айран алып ішетінмін. Өзім күресемін. Таныс балалар көрсем, ұялатын едім. Мұнай-газ мамандығында оқып жатырмын. Практикада жүрмін деп ақталатынмын. Солай ақша таптық", - деді Хамитов. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: