Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыста биыл 24 адамнан АИТВ  вирусы анықталды

Биылғы жылдың 8 айында республика бойынша 2079 адам  АИТВ инфекциясын жұқтырған.  Ал облыста жыл басынан бері  24 адамнан АИТВ  вирусы анықталды. 
Инфекцияны жұқтырған 24 адамның алтауы нәзік жандар болса, он сегізі ер адам.   Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Қанат Шушаев мәлімдеді.  
Биыл тіркелген 24 науқастың 14 қала тұрғыны болса, қалған бөлігі аудандардан анықталған. Атап айтқанда, Жаңақорған, Қазалы, Шиелі аудандарында 2 адамнан ЖИТС жұқтырса, Жалағаш, Арал, Қармақшы аудандарынан 1 адамнан белгілі болған.  Ал Байқоңыр қаласынан 1 азаматтың ауруды жұқтырғаны белгілі болды. Жас шамасына қарай ауру жұқтырушылардың көбі 30 және 40 жас шамасындағы азаматтар. 
«Аурудың көбеюінің негізгі себебі биыл  тестілеу саны 23,6 пайызға артты.  Тестілеу саны көбейген сайын жұқтырушылардың көбею мүмкіндігі жоғарылайтыны сөзсіз. Тағы бір себеп айтақ, АИТВ-ға тұрғындарды тестілеу стратегиясында өзгерістер орын алды. Соның нәтижесінде облыс бойынша барлығы  4000-ға жуық жүкті әйелдердің  жыныстық серіктестері тексеріліп, олардың арасынан  3 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды. Сондай-ақ, аталған инфекцияны жұқтырған 2 жүкті әйел босанып, туылған нәресте антиретровирусты еммен қамтылды",- деді сала маманы Қанат Закирьяұлы.
 Ал облыстық жастар денсаулығы орталығы жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ инфекциясының тарлуының  алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізуде. Баспасөз конференциясында облыстық жастар денсаулығы орталығының директоры орынбасарының міндетін атқарушы Айзат Алдабергенова атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
“Орталық жұқпалы инфекциялардың алдын алу мақсатында жастар мен жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Жыл көлемінде бұл мақсатта офлайн және онлайн форматта 48 іс-шара өткізілді. Бүгінгі күні біздің орталықта симмуляциялық кабинет жұмыс жасайды. Онда репродуктивті денсаулықты қорғауға арналған арнайы құралдармен тренингтер ұйымдастырылады»,- деді Айзат Дарханқызы.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: