Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мектеп бітіруші түлектермен кездесу ұйымдастырылды


7 қараша күні Жалағаш ауданындағы Жаңадария, Аламесек, Еңбек, Аққұм ауылдық округтеріндегі мектеп бітіруші түлектермен кездесу ұйымдастырылды.
Бұл шара "Сыр алаңы" қоғамдық қорының жүзеге асыруындағы "Жалағаш ауданы көлемінде діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы шаралар" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асты.
Кездесуге облыстық АТТ мүшесі, исламтанушы Марат Үркімбаев қатысып, жастарға жат ағымның жетегінде кетпеуін және діни экстремизмнің - әлемге төнген қауіп екендігін айтып, сұрақтарға жауап берді.
14-15 қараша күндері Республикаға белгілі теолог, исламтанушы, РАНТ мүшесі Дәулет Туленовтің қатысуымен Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде ақпараттық түсіндірме топ мүшелері, ауыл имамдары, дінтану пәнінің мұғалімдеріне семинар өткізілді. Сондай ақ, Жалағаш кентінде, Ақсу, Мырзабай, Мәдениет, Т.Жүргенов ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесіп деструктивті ағымдардың қауіптілігі олармен күресу жолдары талқыланды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: