Қызылорда облысында мүлікті жария ету жұмыстары жалғасуда.
2016 жылдың 14 қазандағы жағдайы бойынша Қызылорда облысында мүлікті жария етуге барлығы 1658 өтініш 1968 жылжымайтын мүліктерді жария етуге берілген. Оның ішінде тұрғын емес үй-жайлар бойынша -1111 өтініш, соның ішінде коммерциялық объектілер бойынша-926 өтініш, тұрғын үй бойынша — 857 өтініш. Келіп түскен өтініштер бойынша мүліктердің жалпы бағасы 14382573,4 мың теңгені құрады. 1421 өтініш бойынша жалпы құны 13432437,7 мың теңге болатын 1697 нысан жария етілген.