Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ МЕКЕН


Қалалық білім бөліміне қарасты «Сырдария» балалар сауықтыру лагері де жас өрендердің шаттыққа толы орнына айналды.
Демалыс кезіндегі бүлдіршіндердің қызықты сәттерін тамашалау үшін аталмыш орталыққа барып қайттық. Мұнда 7 ауысымда 1050 бала, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан 499 балғын тегін демалады деп жоспарланған. Аға тәлімгер Фариза Әбзиеваның айтуынша, балалар мұнда бес мезгіл тамақтанып, түрлі ойындар ойнайды.
– Биылғы ерекшелігіміз – Елбасының «рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» және «100 жаңа есім» жобасына сәйкес қазақтың салт дәстүрін насихаттайтын түрлі үйірмелер, арнайы этноауыл жұмыс жасайды. Қазақтың ұлттық ойындарын ұлықтау мақсатында спорттық үйірмелер бар. Бұл жердебаскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат және асық ату, арқан тартыс, сиқырлы таяқ, алтыбақан секілді ойындарды дәріптейміз. Оқушылардың бос уақытты қызықты әрі тиімді өткізу үшін барлық жағдай қарастырылған. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың тынығуы да назарға алынған, – деді ол.
Демалыс орнында жасөспірімдердің тынығуына барынша қолайлы жағдай бар. Бұл жерде би, қолөнер, ән, ойын, спорттық-сауықтыру үйірмелері жұмыс жасайды. Мұнда 4 жатын ғимараты, медициналық, тіс емдеу кабинеттері бар. Сондай-ақ, ашық су бассейні жас өрендерді сергектікке баулиды.
Лагерьде 14 тәлімгер және «Ұлағат ұландары» қоғамдық бірлестігінің студенттер жасағы бірлесе жұмыстар атқарылуда. Олардың негізгі бағыты – балғындардың рухани білімін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, балаларға қуыршақ театрынан көрсетілімдер қойылады. Компьютер сыныбы, жазғы кітапхана қызмет етеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: