Ақтан батыр және Құмжиек ауылдарының тұрғын үйлеріне сервистік желі тартылды.
Көшедегі қоғамдық колонкаларды пайдаланып келген ауыл тұрғындары енді таза ауыз суды үй ішінде отырып-ақ тұтына алады.
Дәл осындай жұмыс қазір Ғ.Мұратбаев ауылында да жүргізілуде. Бұл үшін «ҚазСуШар» ШЖҚ-ғы РМК-ның «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының инвестициялық бағдарламалар есебінен 229,9 млн теңге бөлінген.