2020 жылы 15 желтоқсанда Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының жүзеге асыруындағы «Аудан көлемінде діни экстремизмінің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік жобасы аясында аудандағы имамамдар, ҮЕҰ, жастар өкілдері, АТТ мүшелері, дінттану пәнінің мұғалімдеріне арналған онлайн форматта оқыту семинары өткізілді.
РАТТ мүшесі, дінтанушы Кеңесбеков Қожахмет «Діни сауатсыздық - діни экстремизм мен терроризмнің бастауы» тақырыбында дәріс оқыды. Семинарға қатысушылар көкейінде жүрген сұрақтарға тұщымды жауап алып өз ризашылықтарын білдірді.