Алмат Сақатов: Уәлибек те, Бауыржан да "Тукаға" жетпейді
Отандық танымал әзілкеш әрі актер Алмат Сақатов өнер саласындағы әріптестері Уәлибек Әбдірайымов пен Бауыржан Ибрагимов туралы не ойлайтынын айтты. Ол қос сахна жұлдызын салыстырып, олардың арасында кімнің актерлік шеберлігі мол екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.
Алмат Сақатов ауқымды сұхбат беріп, өзімен бір салада етене жұмыс істеген жұлдыздар туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі Бауыржан Ибрагимов пен Уәлибек Әбдірайымовты салыстырмалы түрде рөлге ену шеберлігі бойынша бірдей деңгейге қойғанымен, олардан да асып түскен әріптесі бар екенін жасырмады.
Сақатовтың айтуынша, әзіл әлемінің қос жұлдызы да қаншалықты мықты болса да, көпке "Тука" лақап атымен танылған Нұржан Төлендиевке мүлдем жетпейді. Бұл әріптесін ол образ жасаудың хас шебері санайтын көрінеді.
Сондай-ақ, танымал актер бүгінде Ибрагимовпен бүгінде қарым-қатынасы қандай екенін жеткізді.
"Екеуін он баллдық жүйемен салыстырсақ, екеуі де бірдей түседі. Ал образ жасау бойынша олар Нұржанға жетпейді. Нұржан қазіргі таңда өте мықты. Ал Бауыржан Ибрагимов туралы айтатын болсам, біріншіден ол біздің бастығымыз. Бірге жұмыс істемей кетсек те, әлі күнге дейін бастық деп санаймыз. Екіншіден, сахналас әріптес, ұстаз. Ол кісінің ұстаздығы да бар.
Содан кейін өмірде қалай жүріп, қалай тұрып, қиыншылықтардан щалай шығуды үйреткен жігіттердің бірі. Бәрақ, Бәкеңмен араласпай кеткелі біраз болып қалды. Ол кісі өз бизнесіне кетті. Мен желіде оның суреттерін саламын, айтамын. Бірақ, мақтайын десең басқаша, мақтамайын десең реніш жоқ" , - деді Алмат Сақатов.