Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағаштағы зауыт тыңайтқыш өнімдерін өндіреді

Жалағаш кентіндегі «Агрохимсервис-С» ЖШС -не қарасты зауыт тыңайтқыштар және құрамында азот бар құрамаларды өңдеп шығарады.
Зауыттың жалпы құны 400 млн теңгені құрайды. Серіктестік Қызылорда облысындағы шаруашылықтардың 80-90 пайызға жуығын тыңайтқыштармен қамтамасыз етіп отыр.
Тыңайтқыштар — өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады.
Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор.
Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді.
Тыңайтқышты түйіршіктеп шығаратын зауыттың қуаттылығы 120 тонна болса, қазіргі таңда 70-80 тонна өнім өндіріп шығаруда. 22 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың басым бөлігі аудан тұрғындары.



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: