Тамыры тереңде жатқан тарихымен, ұлттық руханият пен мәдениеттің ордасы саналатын Қармақшы ауданы бүгінде Мемлекет басшысының жүйелі бастамалары, Үкімет пен облыс басшылығының қолдауы нәтижесінде тұрақты даму жолында келеді.![]()
2025 жылы ауданның бастапқы бюджеті 12 млрд. 176 млн.теңге көлемінде бекітілді. 1-ші жартыжылдық ішінде аудан бюджетіне екі мәрте нақтылау жүргізіліп, нәтижесінде бюджетіміз 21 млрд 115 млн. теңгеге ұлғайды.
Аудан бюджетінің қаражатын тиімді жоспарлау мен қосымша қаржы көздерін тарту нәтижесінде бюджет 8,9 млрд. теңгеге немесе 73,4 пайызға ұлғайды.
2025 жылы ауданның өз кірістері 2 млрд. 283 млн. теңге болып бекітіліп, 6 ай қорытындысымен 411,8 млн. теңгеге ұлғайтылып, 2 млрд. 694,8 млн. теңгені құрады.
Қармақшы ауданының 2025 жылдың қаңтар–маусым айларында макроэкономикалық көрсеткіштерінің барлығында оң көрсеткіштер қалыптасып отыр.
Атап айтқанда: өнеркәсіп өнімі 118,7 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 118,6 пайызды, ауыл шаруашылығы өнімі 101,8 пайызды, негізгі қорға салынған инвестиция 103,1 пайызды, құрылыс жұмыстары 109,1 пайызды, тұрғын үйді пайдалануға беру 119 пайызды, бөлшек сауда көлемі 102,3 пайызды құрады.
Өздеріңізге белгілі, Қармақшы ауданы ауыл шаруашылығы саласына негізделген.
Сондықтан, макроэкономикалық көрсеткіштерінің басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерге байланысты.
2025 жылы ауданда 25 654 гектар егіс егілді. Оның ішінде: 13 097 гектар – күріш, 1000 гектар – жаздық бидай, 1200 гектар – мақсары, 2 гектар - күнбағыс, 8950 гектар – жоңышқа, 39 гектар – сүрлем жүгері, 56 гектар – судан шөбі, 1180 гектар – картоп, көкөніс, бақша дақылдары.
Еліміздің әл-ауқатын дамыту мен экономикасын жетілдіру жолындағы ұстанған басты басымдықтарының бірі білім беру саласы екені белгілі.
2024 - 2025 оқу жылында 14 928 оқушы білім алып, 766 мектеп бітірушінің 694 оқушы, яғни 90,6 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Оның ішінде: 54 түлек «Алтын белгі» және 48 түлек «Үздік аттестат» иеленді.
Сондай-ақ, биылғы жылы ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерді түзете-дамыту, оңалту, әлеуметтік бейімдеу мақсатында «Қармақшы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне аудандық бюджет есебінен 25 млн. теңгеге ғимарат сатып алынып, табысталды.
Жұмыс іздеуші ретінде «Мансап орталығына» хабарласқан 3131 адамның 389 адамы бос жұмыс орындарына орналастырылған.
2025 жылғы аудан бойынша 2667 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, бүгінгі күнгі 1006 жаңа жұмыс орны ашылды (жоспар 37,7 пайызға орындалды).
Аудан бойынша 127 отбасының 669 мүшесіне 34,7 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын 110 отбасының 1 жастан 7 жасқа дейінгі 194 балаға (әр балаға 1,5 АЕК, яғни 5898 теңге) 4531,8 мың. теңге әлеуметтік көмек төленді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында ерекше тәртіпті қолданумен мүгедектерді тасымалдау («Инватакси») қызметіне Қармақшы ауданы бойынша 2025 жылдың 1 шілдесіне 416 өтінім бойынша 46 адамға қызмет көрсетілді. Ал, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылы бойынша 865 өтінім бойынша 80 адамға қызмет көрсетілді.
Анықтама үшін: Аудан көлемінде мүгедектерді тасымалдау («Инватакси») қызметін «Тұран-Шах» мүкедектер қоғамдық бірлестігі 27,6 млн.теңгеге жеңіп алып, қызметін жүргізуде.
2025 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 65 жас маманға 25,5 млн. теңгенің көлемінде көтерме жәрдемақы төленді.
Сондай – ақ, 35 жас маманға құны 320,5 млн. теңгеге тұрғын үй алуға несие беру жоспарлануда.
Аудан бойынша 2025 жылы бюджеттен тыс демеушілер есебінен көмекке мұқтаж 2 азаматқа 15,0 млн. теңгеге тұрғын-үй сатып алып берілсе, 534 адамға 3,2 млн. теңге көлемінде азық-түлікпен және басқа да көмектермен қамтамасыз етілді.
Ауданымызда жалпы мәдениет саласы бойынша 34 мекеме халыққа қызмет көрсетеді.
Анықтама үшін: Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі, К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйі, 18 кітапхана, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарына қарасты 1 мәдениет үйі мен 13 клуб.
34 мәдениет ұйымдарында 120 үйірме жұмыс жасайды. Анықтама үшін: 111 үйірме аудандық мәдениет үйлері мен клубтарына қараса, 9-ы аудандық жыраулар үйіне қарасты үйірмелер.
2025 жылдың өткен 6 айында үйірмеге қатысушылар 5 - Республикалық байқауға, 6 - Халықаралық байқауға, 16 - Облыстық байқауға қатысты.
Нәтижесімен, республикалық байқаудан 3 - бас жүлде, 4 - бірінші орын, халықаралық байқаудан 4 - бас жүлде, 4 - бірінші орын, облыстық байқаудан 6 - бас жүлде, 8 - бірінші орын, 5 - екінші орын иеленді.
2025 жылдың 6 айында 1239 мәдени шара өткізіліп, барлығы 85 449 көрермен қамтылды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізілген мерекелік шарада Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевқа арналған мемориалдық белгісінің салтанатты ашылу рәсімі және Жеңістің 80 жылдығына арналған танымдық конференциясы өткізілді.
Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай облыс көлемінде өткізілген өнер байқауында Қармақшы ауданының өнер ұжымдары жоғары дайындықпен қатысып, жүлделі І орынды иеленді.
Халықаралық деңгейде танылып жүрген жерлесіміз, опера әншісі Әйгерім Алтынбек әлемге әйгілі Италиядағы «Ла Скала» театры академиясының 12 үздік орындаушы қатарынан көрініп, тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болып, еліміздің мәдениет пен өнер саласындағы беделін арттыра түсті.
Сонымен қатар, Алматы қаласында өткен Халықаралық "Бозторғай" балалар шығармашылығы байқауына жыраулар үйінің шәкірті Талант Балтабай жыр-терме жанры бойынша бақ сынап, ГРАН ПРИ жүлдесін иеленді.
Ауданда барлығы 84 тарихи және мәдениет ескерткіштері мемлекет қорғауына алынған.
Анықтама үшін: 6 - республикалық маңызы бар, 48 - жергілікті маңызы бар, 30 - ескерткіш алдын-ала есепке алынған тарихи-мәдени мұра объектілерінің тізіміне енгізілген.
2025 жылы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану мақсатында аудан аумағындағы 15 ескерткішке (Қармақшы ата, Марал ишан, Қалқай ишан кесенелері және де Жетіасар оазисі ескерктіштеріне (12 ескерткіш)) аудандық бюджеттен 8,8 млн. теңге қаржы қаралып, құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Марал ишан кесенесінің жөндеу жұмыстарын жүргізуге демеушілік есебінен жоба - сметалық құжаттары әзірленуде.
2024 жылы Аймақ басшысының қолдауымен музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер үйі мен жастар орталығы, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи, мадени, рухани ұйымдарды біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталығының» құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Қармақшы аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 17 маусымдағы №288 шешімімен «Руханият» орталығына 14 штат бірлігі берілді.
Жалпы мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2025 жылы 27,3 млн.теңге бөлініп, мәдениет және клуб үйлеріне ЛЭД экран, музыкалық аппаратуралар сатып алынды.
Ауданда елді мекендерді газдандыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы құны 7 млрд. 172 млн. теңгені құрайтын Дүр Оңғар ауылына газ тарту жобасы жүргізілуде. (Құрылыс-монтаж жұмыстарын «МБК Құрылыс» ЖШС жүргізуде).
Жобаға 2024 жылы облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаржы бөлінді. 2025 жылғы шілде айында Ұлттық Қордан 5,2 млрд. теңге бөлініп, бүгінгі күнге мердігермен қосымша келісім-шарт жасауда.
Жоба аясында 86,9 шақырым газ құбыры (оның ішінде: жоғары қысымды – 62,5 шақырым, орташа – 1,6 шақырым, төмен қысымды – 22,8 шақырым) және 3 газ реттегіш шкафты пунктер орнатылады.
Сонымен қатар, Иіркөл (378,9 млн. теңге) және Төребай би (497,1 млн. теңге) ауылдарына газ желілерін тарту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық бюджеттен 643,4 млн.теңге қаржы қаралды. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізуде.
Қазіргі таңда, аудан халқының 78 пайызы табиғи газдын игілігін көруде. (Аудан бойынша халық саны 51 286 адама, Газбен қамтылған елді мекендер Жосалы кенті 21 140 адам, Төретам кенті 12 396 адам, Ақай ауылы – 6 488 адама. Газбен қамтылхан халық саны барлығы 40 024 адам. 51283 / 40024 * 100 = 78)
Қармақшы ауданы бойынша электр желілерінің ұзындығы – 931 шақырым, 146 трансформатор бар. 2024–2025 жылдары 4 нысан бойынша электрмен қамту жұмыстары жүргізілуде: Көмекбаев және Ақтөбе ауылдарының электр беру желілерінің құрылысы аяқталып, нысандар пайдалануға берілді (жалпы құны – 478,9 млн. теңге).
Иіркөл (227,0 млн.теңге) және Дүр Оңғар (636,7 млн. теңге) ауылдарында желі құрылысы жүргізілуде.
Санымен қатар, облыстық кредит есебінен Ақжар (331,5 млн. теңге), ІІІ-Интернационал (332,4 млн. теңге), Алдашбай Ахун (184,2 млн. теңгеге) ауылдарының электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына 848,1 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылуда.
Алдағы уақытта, кезең кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Аудан бойынша барлық елді – мекен тұрғындары орталықтандырылған ауыз - су жүйесіне қосылған.
Елді мекендер халқын тұрақты ауыз сумен қамту мақсатында биылғы жылы Ақтөбе және Ақжар ауылдары орналасқан су насостарының тозығы жетуіне байланысты 2 дана ұңғыма насосын сатып алуға аудандық бюджеттен 1,2 млн.теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Аудан көлемінде жол жөндеу, көше жарығы, жаяу жүргіншілер жолы бойынша жұмыстар қарқынды атқарылуда.
Жолдардың 100 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
Аудан орталығы мен аудандағы барлық кент, ауылдық округтер арасындағы жолдар толық тас жолмен қамтылған (асфальт).
2025 жылы автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарына үш деңгейлі бюджеттерден жалпы 1 млрд 570,5 млн. теңге бөлінді.
Оның ішінде: республикалық бюджеттен – 125,2 млн. теңге (1 көше),
облыстық бюджеттен – 1 млрд 131,0 млн. теңге (1 аудандық жол, 6 көше),
аудандық бюджеттен – 314,3 млн. теңге (1 аудандық жол, 4 көше)
Ірі жобалар қатарында Ақжар ауылындағы Абай Құнанбаев көшесінің жаңа құрылыс жұмыстары бар. Жобаға 2024 жылы – 90,4 млн. теңге, 2025 жылы – 125,2 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда пайдалануға берілді.
Облыстық бюджет есебінен «Төретам–Ақай» айналма жолының күрделі жөндеу жұмыстарына 528,4 млн. теңге бөлініп (жалпы құны 1,1 млрд. теңге), жоба жүзеге асырылуда.
Қызылтам ауылына кіреберіс жолды қайта жаңғырту жұмыстарына жалпы құны – 741,2 млн. теңге қаралды. (Оның ішінде 2023 жылы - республикалық бюджеттен 603,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 23,0 млн.теңге, 2024 жылы облыстық бюджеттен – 48,1 млн. теңге, 2025 жылы аудандық бюджеттен – 39,2 млн. теңге қаржы бөлінді) Нысан пайдалануға ағымдағы жылдың тамыз айында беріледі деп жоспарлануда.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Жосалы кентіндегі Келмембет батыр (2,24 шақырым – 173,9 млн. теңге) және Қали Шыңғысов (0,28 шақырым – 59,9 млн. теңге) көшелерін күрделі жөндеу жұмыстарына 233,8 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, облыстық бюджет есебінен 368,7 млн. теңгеге 3 жоба және аудандық бюджет есебінен 47,1 млн. теңгеге 1 жоба жүзеге асырылуда:
Ақжар ауылындағы Ш.Уәлиханов, Р.Жиенбаев, С.Сейфуллин көшелерін (2,63 шақырым – ОБ – 192,2 млн. теңге) күрделі жөндеу.
Жосалы кентіндегі Н.Нақыпов көшесіне күрделі жөндеу (1,96 шақырым – ОБ – 163,9 млн. теңге) жұмыстары және Алтынасар көшесін (0,815 шақырым – ОБ – 12,6 млн. теңге, АБ – 47,1 млн. теңге) орташа жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда.