Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДАҒЫ КӨШЕЛЕРГЕ АУЫЗ СУ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

АРАЛДАҒЫ КӨШЕЛЕРГЕ АУЫЗ СУ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫАудандық мәслихаттың 10 мамырдағы кезектен тыс төртінші сессиясының №21 шешімімен Арал қаласындағы бірқатар көшелерге су желісін жүргізу мақсатында аудандық бюджеттен  қаржы қаралған еді. 
Осы мақсатта 21 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес конкурс өткізілген болатын. Соның нәтижесінде Бегім Ана, Қарамолда, Т.Таңатов, Ж.Кенжебаев, Қ.Қартайұлы, Жанқожа батыр көшелеріне және Қ.Қаратайұлы тұйығына су құбырларын жүргізуге мүмкіндік туды.
Конкурс бойынша 10 жылға жуық тәжрибесі бар «Бәйтерек- групп XIXI» мекемесі жеңімпаз болып танылды. Қазіргі таңда ауыз су жүргізу жұмыстары Жанқожа батыр көшесінен бастау алды. Аталмыш мекеме мердігері Б.Бекжановтың айтуынша бүгінгі таңда су желісін жүргізуге барлық қажетті құрылғылар жеткізілген. Жұмысшы топ су желісін мерзімде, яғни, қазан айының 15-де аяқтайтын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: