Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қайырымдылық - қасиеттің төресі

Бүгін халықарылық қайырымдылық күні. Айтулы датаға орай Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында арнайы брифинг ұйымдастырылды. 
Баспасөз конференциясында өңір тұрғындарына әлеуметтік қолдау білдіріп, қиын сәтте қол ұшын созып жүрген бірқатар қайырымдылық қорлары атқарған жұмыстарын ортаға салды.
Брифингте ҚМДБ Зекет және Қайырымдылық қорының облыс бойынша өкілі  Оңталап Жидебаев  қор тарапынан жаңа оқу жылы қарсаңында облыстағы мыңға жуық әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыға көмек көрсетілгендігін айтты. Сонымен қатар "Бақытты отбасы" мекемесімен бірлесіп атқарған бірқатар негізгі шараларын баяндады. Сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы облыс көлемінде мыңға жуық баланы мектеп сөмкелерімен қамтып, киім кешекпен жәрдемдескендігін жеткізді.
  Өз кезегінде "Ел Арай" қоғамдық қорының төрағасы Асхат Байдаулетов жыл көлемінде қоғамдық қор тарапынан 16 млн. теңгеге жуық қаржы бағытталғандығын атап өтті. Сонымен қатар жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымның атқарған жұмыстарына тоқталып өтті. Мәселен жаңа оқу жылы қарсаныңда әлеуметтік тұрмысы төмен, арнайы атаулы әлеуметтік көмек алатын және аз қамтылған отбасының 200 баласы оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. 150 балаға оқу құралдарынан бөлек киім-кешек берілді.
 Ал аймақта гуманитарлық салада белсенді жәрдемдесетін "Қызыл ай" қоғамының Қызылорда облыстық филиалы өткен жылы  денсаулық жағдайымен тіркеуде тұрған азаматтарға медициналық заттармен 1 млн теңге көлемінде көмек көрсетіп,  әлеуметтік тұрмысы төмен 100 отбасына азық-түлік себеттерін таратқан.  "Қызыл ай" қоғамы 2005 жылдан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл Жарты Айымен бірлесіп  Қазақстандағы жетім балаларды қаржылай қолдаудың арнайы бағдарламасын жүзеге асырған болатын.  Бүгінде ел бойынша 3 мыңнан, ал Қызылорда облысы бойынша 300-ден астам бала арнайы жәрдемақыны алып келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: