Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫНА БИЛЕТТЕРДІҢ ҚҰНЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫНА БИЛЕТТЕРДІҢ ҚҰНЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ«Қазақстан Темір Жол» ұлттық компаниясы» АҚ жолаушылар билеттерінің құнын көтеруді жоспарлап отырған жоқ. 
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында компания вице-президенті Берік Қамалиев хабарлады.
"Біздің компания 125 бағытта, олардың 12 халықаралық, 113 республика ішіндегі бағытта жолаушыларды тасымалдайды, соның ішінде 11 «Тұлпар» жылдам бағыттар және 37 алысқа жүретін бағыттар. 2014 жылдың қорытындылары бойынша 20 миллионнан астам жолаушы тасымалданды, осы жылы да бұл саннан төмен болмайды деп күтудеміз», - деді ҚТЖ өкілі.
Берік Қамалиевтің айтуынша, Қазақстан ішінде жол жүру ақысы ТМД елдері арасында ең төмен бағалардың бірі болып есептелінеді: Ресей мен Өзбекстанға қарағанда екі есе төмен.
"Соңғы рет билеттердің бағасын 2014 жылы көтерген болатынбыз. Біз 12%-ға көтеруді ұсынған едік, бірақ Үкімет 7%-ға көтеру туралы шешімді қабылдады. Осы жылы билеттердің ақысын көтеру жоспаржа жоқ екенін мәлімдегім келіп отыр. Халықаралық тасымалда да билеттердің құны өспейді», - деді спикер.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: