Диетолог аз тамақтануға көмектесетін дәмдеуіштер түрін атады
Ұлттық диетологтар қауымдастығының мүшесі медицина ғылымдарының кандидаты Дарья Русакова цитрус, даршын, жалбыз және имбирьдің хош иісі диета кезінде адам тәбетін төмендетіп, ас қорытуды, жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп, қан айналымын жақсартатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ura.news порталына сілтеме жасап.
"Цитрусты иістендіргіш, кофе және даршын тәбетті төмендетеді. Даршын салмақ жоғалтуға ықпал етеді. Өйткені ол метаболизмді тездетіп, қандағы глюкоза деңгейін қалыпқа келтіреді, тәттіге құмарлықты азайтады. Бұл дәмдеуіш тағамдарға жағымды хош иісі пен жарқын дәм береді. Ол төмен калориялы тағамдар үшін жақсы үйлесім болып табылады. Даршынның қасиеттерін жақсарту үшін оны табиғи кофе сусындарымен біріктіруге болады", - деді маман.
Оның айтуынша, диетада қалыпты ас қорыту өте маңызды.
“Жалбыздың жағымды хош иісі жүйке жүйесіне пайдалы әсер етеді және тыныштандырады. Жалбыз қосылған шай ішектерді тазартуға көмектеседі, іш қатудың алдын алады. Бұл өте маңызды қасиет, өйткені нәжіспен мәселелер диетада жиі байқалады”,- деп түсіндірді маман.