Қызылорда облысының күрішшісі Мақсат Жұмаділов күріштің жоғары түсімін ғана жинап қоймайды, сондай-ақ, жұмыс пен хоббиі – қазақша күрес, аңшылық пен балық аулауды табысты қиыстыра алады.
Мақсат Жұмаділов «Ислам» шаруашылық қожалығында 2000 жылы құрылғаннан бері жұмыс істейтінін айтады.
«Мен өз жұмысымды жақсы көремін, күріш өсіруді – тұтас ғылым санаймын, біздің облыстың визиттік карточкасы – күріш шаруашылығы. Балаларымның да күріш шаруашылығымен айналысқанын қалаймын, күріш өсірудегі тәжірибемді де оларға берудемін», - дейді Мақсат Жұмаділов.
Және қазақстандық нарықтың күрішке деген қажеттілігін негізінен Қызылорда облысының қамтамасыз ететініне тоқталды.
«Бүгінгі күні біздің шаруашылығымыздың көрсеткіштері жаман емес, біз жақсы түсім жинаймыз, ол бізді қуантпай, зор жетістіктерге жетелемей тұра алмайды», - деген ойымен бөлісті Мақсат Жұмаділов.
Күрішшінің айтуынша, бүгін елімізде шаруашылық қожалығымен айналысу, бизнесті оның ішінде күріш өсіруді дамыту үшін барлық жағдай жасалынған.
Мақсат Жұмаділов жас кезінен бері қазақша күреспен де айналысады.
«Менің 5 балам бар, олардың әр қайсысына мен өз ісіне деген сүйіспеншілігін оятуға тырысамын, мамандығының сыртында олардың хоббилері болғанын қалаймын – спорт немесе музыка ма, бәрібір. Адамның жұмыстан басқа да кәсібі болуы керек, ол адамның тұлғалық дамуына жол ашады», - деп атап өтті Мақсат Жұмаділов.