Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткізілді

Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өткізілді. Кеңес отырысына облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық жұмысшы топ мүшелері мен облыстық Қоғамдық кеңестің жаңадан қалыптастырылған мүшелері қатысты. 
Облыстық Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысын жұмысшы топ төрағасы Райкүл Байназарова ашып «Наурыз айындағы конкурс негізінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен өзін өзі ұсынған жалпы 62 кандидаттан ұсыныс түсті. Жұмыс тобының мүшелері тарапынан әр кандидатпен жеке-жеке әңгімелесу жүргізілді. Нәтижесінде облыстың саяси-әлеуметтік, экономикалық салаларын дамытуға үлес қосып, түрлі салаларда көп жылдар бойы қызмет атқарып мол тәжірибе жинақтаған азаматтар қатарынан 30 кандидат Қоғамдық кеңестің мүшелігіне ұсынылып, облыстық мәслихат сессиясында мақұлданды» - деп,  Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстарға тоқтала келе, кеңес жұмысына сәттілік тіледі. 
Сонымен қатар облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру және билік пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз етуде Қоғамдық кеңеске артылар жауапкершілік одан әрі күшейе түсетінін және кеңес алаңында көтерілген әрбір мәселе бірінші кезекте әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықтың сұранысы мен талабын қанағаттандыруға бағытталуы тиіс екендігін атап өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қоғамдық кеңестің Ережесі таныстырылып, кеңес мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңестің жаңа төрағасы болып Хожбанов Әріп Битілеуұлы сайланды.
анов Әріп Битілеуұлы сайланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: