Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІАралда аудан әкімі Абзал Мұхимовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. 
Күн тәртібінде: аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және оған қарасты мекемелермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар жөнінде, аудан көлемінде жер қатынастары саласында заңдылықтың сақталуы бағытында атқарылған шаралар туралы мәселелер қаралды. Бұл жөнінде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т. Дәрменов пен аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Б.Тілеулесовтың баяндамасы тыңдалды. Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Абзал Мұхимов аталған бағыттағы жұмыстарға сараптама жасауды тиісті бөлім басшыларына тапсырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: