Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалағаш ауданында антифриз өндіріледі

Жалағаш ауданының тұрғыны  өңірдегі тың кәсіпті мемлекеттік бағдарлама аясында  қолға алды.  Асхат Ермекбаев еуропалық стандарттарға сәйкес өнім өндіреді. Нарықта сапасы жоғары бола тұра бағасы қолайлы антифриздер болмағандықтан, кәсіпкер осы өндірісті ашуға білек сыбана кіріскен. 


Кәсіпкердің шағын кәсіпорнында SinPro сауда белгісімен тосол, антифриз тәрізді суыққа төзімді сұйықтықтар шығарылады. Кәсіпорында автокөліктерге арналған этиленгликоль негізіндегі антифриз, тосол, салқындатқыш шығарылады және алғашқы отандық өндіруші болып саналады. Кәсіпорында күніне 1000 литр антифриз, 1000 литр өндіріледі.
Антифриздер —  төмен температурада қататын салқындатқыш сұйықтықтар. Мұндай өнімдер бензиндік және дизельдік қозғалтқыштардың салқындату жүйесіне қолдану үшін жасалған. Яғни, салқындату жүйесінде қату, коррозия, қызу және қақтың пайда болуының алдын алады. Ең бастысы — бұл өнімдерді автотранспорттық құрал мен жылу алмастырғыш агрегаттардың эксплуатация нұсқаулығына сәйкес пайдалану керек.
Өндірісте 5 адам жұмыс істейді. Шетелдік брендтер тарапынан бәсекелестікке қарамастан аталған компания өнімдері жоғары сапалы сипаттамаларының арқасында автохимиялық өнімдердің бөлшек сауда нарығында өз орнын табуда. Алдағы уақытта кәсіпорын өндіріс көлемін және өнім түрлерін ұлғайту жоспарлануда. Десе де несие алып айналым капиталын толықтыру қажет.
- Мамандығым химик-технолог болғаннан кейін, өзіме осы өндірістің түрі жақын болды. Бұл іске өз қаражатымды салып, әрі қосымша мемлекеттен қолдау таптым.  2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдауға ие болдым.  5 млн көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алдым. Одан бөлек, “Қызылорда” өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 6 пайыз мөлшеріндегі кепілдігінің арқасында біз 6 млн көлемде несиеге қол жеткіздік. Осылайша, мемлекеттің қолдауы біздің дамуымызға және өнімнің өзіндік құнын тұрақтандыруға қомақты септігін тигізіп келеді, – дейді кәсіпорын басшысы Асхат Ермекбаев.
Қозғалтқыштарды тиімді салқындатуды, металдар мен қорытпалардың барлық түрлерін коррозиядан және кавитациядан жоғары тиімділікпен қорғауды қамтамасыз етеді. Қоршаған орта температурасының - 40-тан +50-ге дейінгі диапазонында пайдалану үшін ұсынылады.
Кәсіпкердің айтуынша, бүгінде кең сұранысқа ие бұл тауар пластик құбырлар мен резеңкеге зиянын тигізбейтін көрінеді. Бес жылға дейін жарамды бұл тауар бүгінде Жалағаш  ауданының сауда нүктелерінде сатылымда тұр. Жеңіл көліктен бастап қуатты өнеркәсіпке дейінгі қозғалтқыштарға арналған антифриздердің барлық түрлері шығарылады. 
Жеке кәсәпкер жақында  антифриз өніміне СТ-KZ сертификатын алғанын мәлімдеді. СТ-KZ сертификаты — тауардың Қазақстан аумағында өндірілгенін немесе өңделгенін растайтын құжат. Аталған сертификат ішкі пайдалануға арналған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: