Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дүңгіршек тонаушы құрыққа ілікті

Дүңгіршек тонаушы құрыққа іліктіҚызылорда қалалық ішкі істер басқармасы жедел басқару орталығының мамандары үстіміздегі жылдың 31 шілдесінде сағат 14.30 шамасында Әйтеке би мен Тоқтыбаев көшелерінің қиылысында орналасқан бейнекамера арқылы аумақты шолу барысында мына бір оқиға олардың көзіне көрінеді.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығындағы Әйтеке би көшесі бойында  орналасқан коммерциялық дүңгіршекті белгісіз азамат сындырып, «тонау» сипатындағы іс-әрекеттер жасауға әрекеттеніп жатқандығын байқайды. 
Оқиға орнына жедел түрде жол-патрульдік полиция жасағы жіберілді. Нәтижесінде 1979 жылы туылған қала тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында, күдікті азамат киоск сатушысын қорқыту арқылы ақша талап етіп, кассадағы ақшасы мен билеттерін алып кеткендігі анықталды. 
Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: