Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Иісшіл иттер 70 қылмыстың бетін ашты

Иісшіл иттер 70 қылмыстың бетін аштыҚызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2014 жылдың 11 ай көлемінде кинологиялық қызметті дамыту мен нығайтуда және қызметтік иттердің қолданылуын есепке алып, кинологтардың жұмыс нәтижелерін талдап, қызметтік-іздестіру иттерін қылмыспен күресте пайдаланудың тиімділігін арттыруда біршама жұмыстар атқарды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығының теңгерімінде 37  (отыз жеті) қызметтік-іздестіру иттері бар.
Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығы 2014 жылдың 11 ай көлемінде қылмысты ашуда, қылмыстың ізін кесуде қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланып, нәтижесінде 70 қылмыстың бетін ашып, оның ішінде, бөтен мүлікті  ұрлау қылмысы бойынша 37 дерек, тонау қылмысы бойынша 12 дерек, қарақшылық қылмысы бойынша – 1, зорлау фактісі бойынша – 3, бұзақылық бойынша – 4 және басқа да қылмыстар бойынша 13 дерек анықтаған.
Заңсыз есірткі айналымы бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 20 қылмыстың беті ашылып, 12 құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, иісшіл иттердің көмегімен заңсыз айналымнан 67 кг. 680,775 гр. есірткі заты алынған.
Мысал ретінде, орталықтың арнайы дайындалған қызметтік иті «Лорд»-тың  Қызылорда-Жалағаш  тас жолында заңсыз есірткі тасушының жолын кесу дерегін келтіруге болады. Жол бойында автокөліктерге кезекті қарау жүргізу мақсатында тоқтатылған жолаушылар тасымалдайтын автобусты тексеру барысында ондағы жолаушылардың бірінен полиэтилен пакетке оралған, жасыл түсті, өзіне тән иісі бар зат табылған. Салмағы 1 кг. 224 гр-ды құрайтын бұл айғақ зат сараптама қорытындысы бойынша «марихуана» есірткі шөбі екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда Қызылорда облысының тұрғыны күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оның үстінен ҚР ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: