Жалағаш кентінің тұрғыны Назым Сейсенб ұрыннан өз үйінде тапсырыспен жұмыс жасауйтын. Ол ауданда дизайн орталығын ашуды мақсат еткен. Алайда оған қаржы тапшылығы кедергі болыпты. Толыққанды өз мақсатымен бөліскен Назымның жобасы осылайша 555 600 теңге қайтарымсыз қаржымен қолдау тапты.
– Шыны керек, менің бұл жұмыспен айналысуды жоспарлап жүргеніме біраз уақыт болды. Алайда оған қаржы тапшылығы қолбайлау болды. “Мемлекеттен қандай қолдау болады?” деген сауалмен орталық мамандарының кеңесіне жүгіндім. Олар маған жұмыссыз жандарды қолдауға арналған осындай бағдарлама барын және оған қатысып, бақ сынап көруге кеңес берді. Өзімнің жобам дайын болғанда комиссия мүшелерінің алдында оны қорғап шықтым. Бірауыздан менің жобам қолдау тауып, қайтарымсыз қаржыға ие болдым. Енді өз ісімді өрістетуге талаптанып отырмын. Қазір кентте дизайн орталығының қызметіне жүгінушілер басым. Сондықтан бұл салада табыс көзін молайтуға мүмкіндік бар деп ойлаймын. Тиісті қаражатқа қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, жалағаштықтарға сапалы қызмет көрсетемін, – дейді Назым Сейсен.