Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Байқоңырда Наурыз мерекесі аталып өтті

Ата-бабамыздан келе жатқан Наурыз мерекесінің қазақ елі үшін маңызы зор.  Мерекелік шарадан Байқоңыр қаласы тұрғындары да шет қалмады. Әз Наурыз мейрамы Байқоңыр қаласының орталық алаңында ерекше аталып өтті.
Айтулы мерекеге Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Д. Бусыгин, Қармақшы ауданы мәслихатының хатшысы Ә. Қошалақов және ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Ж. Абатов қатысып, қала тұрғындарын Әз-Наурыз мерекесімен құттықтады және мерекеге арнайы тігілген киіз үйлерді аралап,   ұлттық салт-дәстүрлерді тамашалады.
Шара барысында ұлттық тағам, ұлттық ойын, ұлттық өнер сайысынан байқау ұйымдастырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: