Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қармақшы ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

 

Қармақшы ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды. Бұл облыстың аудандарында ашылып жатқан екінші орталық. Бұған дейін Сырдария ауданында ашылған болатын. Бұл жөнінде Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады. 
Орталықтың ашылуына Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев, облыстық Кәсіпкерлер палатасы мен аудан басшылығы және аймақ кәсіпкерлері қатысты.
Кәсіпкерлікті қолдау орталығын ашудағы мақсат - ісін жаңа бастаушы, сондай-ақ жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлер үшін қызмет түрлері жинақталған инфраструктура құру.
Шараның ашылу салтанатында Мәжіліс депутаты Алмас Тұртаев «Қазір елімізде кәсіпкерліктің дамуы үшін барлық жағдай жасалуда. Бүгінгі ашылып отырған Орталық соның бірден бір көрінісі. Ендігі жерде кез келген кәсіп бастағысы келген азамат, тиісті құжаттарын осы жерден рәсімдеу арқылы уақытын ұтымды пайдаланып, кәсіпкерлік саласына қатысты кез келген сауалға жауап ала алатын болады. Орталық осынысымен құнды», - деді.
Орталықтың ерекшелігі «бірыңғай терезе» қағидасы аясында жұмыс жасайды, яғни Орталықта Кәсіпкерлер палатасының мамандарымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығының, «Қазагромаркетинг», «Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалдарының мамандары мен аудандық жұмыспенпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары да бір жерде тұрғындарға қызмет көрсететін болады.
Орталыққа келген кәсіпкерлер бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу, кедендік рәсімдер, менеджмент жүйелерін енгізу, заң, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік сатып алулар және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары, маркетинг мәселелері және бизнес-жоспар жасау, сот органдарында сүйемелдеу, рұқсат ету рәсімдерін алу және өзге де 20-дан астам қызмет түрлерін ақысыз ала алады.  
Сонымен бірге, өз ісін бастағысы келген азаматтар Орталықта жұмыс жасайтын «Бизнес мектепте» кәсіпкерлік негіздері бойынша біліктіліктерін жетілдіре алады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: