Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада көліктер мен қоғамдық-көпшілік орындардың жұмысына шектеу қойылды

Қызылорда қаласындағы көліктер мен қоғамдық-көпшілік орындардың жұмысына шектеу қойылды. Бұл жөнінде облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әлия Әбдіқайымова арнайы қаулы шығарды.
Қызылорда қаласының автовокзалы мен бей-берекетсіз ашылған автотұрақтар арқылы облысаралық, қалааралық, ауданаралық автобустар, микроавтобустар, таксилер және өзге де автокөліктермен жолаушылар тасымалдау жұмыстары 30 наурыздан бастап 00.00-ден бастап тоқтатылады. Сондай-ақ, дәл осы уақыттан облыс орталығындағы саябақтар, сауналар мен массаж бөлмелері, бильярд бөлмелері, компьютер бөлмелері, интернет-клубтар, ойын бөлмелері, боулинг орталықтары, букмекерлер, лото, спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар), футбол алаңдары, балалардың даму орталықтары және басқа да халық көп шоғырланған нысандардың жұмыстары тоқтатылады.
Ал автокөлік, киім-кешек, мал базарлары, тойханалар, той салондары, банкет залдары және үй жағдайында өткізілетін барлық мерекелік, дәстүрлік (өзге ұлттардың ата-аналар күні, құран оқыту т.б.) іс-шаралар жұмыстарына да шектеу қойылды.
Бүгінгі таңда облыста коронавирус жұқтырған 5 науқас тіркелді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: