1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай аудандық кітапханада «Бір Отан. Бір Тағдыр. Бір Елбасы» атты тақырыпта Назарбаев оқулары өтті.
Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектеп ұстаздары, студенттер мен Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітапханашы Г.Тұрғамбаева Елбасының Қазақстан және әлемдегі айшықты орны туралы баяндап, «Ұлы Дала перзенті» атты кітап көрмесі таныстырылды. Және Елбасының өмірі мен қызмет хроникасынан слайд көрсетілді.
Студенттер Н. Назарбаевтың кітабынан үзінділер оқып, ақын-жазушылар мен өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Оқытушылар Елбасы жайында жазылған туындылар жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.