Қазақ мемлекеттілігінің алтын арқауы – Конституцияның 20 жылдығы ауданымызда кең көлемде аталып өтті.
Ата Заң – біздің демократиялық дамуымыздың негізі. Ата Заң – кемел даму кепілі, жарқын келешегіміздің мызғымас темірқазығы. Ерекше көңіл, шаттыққа толы қуаныш сыйлаған Ата Заңды ұлықтауға арналған мерекеге аудан жұртшылығы көптеп жиналды. Әсем безендірілген орталық алаңға жиналған қауымды құттықтаған мәдениет үйінің жүргізушілері игі тілектерін білдіріп өтті. Мерекеге әдемі әндерімен сән берген әншілер қауымына да көрсетілген қолпаштаулар аз болмады. Әнші Қ.Аманова, Ж.Жарменова, А.Сарсенбаев, Б.Тұрғанбаев, А.Маратов, Н.Ерталапқызы, Ә.Асылбекқызы, Н.Ниязовтардың әндеріне жиналған көпшілік қошемет білдірді. Сондай-ақ, «Алтын балық» бала бақшасының бүлдіршіндерінен құралған бишілер тобының қойылымы да жүректерге жылылық ұялатты.