Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Менің Қазақстаным" Жаңақорған жұртшылығымен жүздесті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» пойызы Жаңақорған кентіне темір жол вокзалына келді. Онда, Үгіт-насихат мүшелерін сән-салтанатымен қарсы алған жаңақорған жұртшылығы құрметті қонақтарды арнаумен қарсы алып, шашу шашты. 

"Менің Қазақстаным" Жаңақорған жұртшылығымен жүздесті

 

«Менің Қазақстаным» пойызының насихатшы өкілдері аудандық тарихи өлкетану музейінің тыныс-тіршілігімен танысты. Құнды жәдігерлер мен дәйекті деректерге дән риза болды. Бірінші кезекте музей қызметкері Бақдәулет Таждинов археология және этнография залындағы мол экспонанттармен таныстырды. Сырдың бойы мен қарт Қаратау бөктерінен табылған көне жәдігерлер қонақтар қызығушылығын арттырды.
Аудан әкімі Р.Рүстемов пен ел ағасы З.Шермағамбетов үгіт пойызы мүшелерімен Ұлы Отан соғысының ардагері Махметжан Сапарбаевтың шаңырағына табан тіреді.
Майдангер абыздың бүгінгі хал-ахуалына қаныққан «Менің Қазақстаным» үгіт пойызының директоры Ғ.Телебаев ардагерді Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, мерекелік сый-сияпаттар ұсынды.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрлігінің әлеуметтік мәселелер бойынша өкілдері түрлі сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдады. Негізінен қойылған сауалдар «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие алу, зейнетақы және оралмандардың азаматтық алу, жерді рәсімдеу мәселелері көтерілді. Аталмыш мәселе бойынша, ҚР заңнамаларына сәйкес толық түсініктемелер беріліп, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесе бақылауға алуға уағдаласты.
Жаңақорған аудандық кәсіпкерлер палатасы - Кәсіпкерлерді қолдау орталығының конференция залында «Менің Қазақстаным» акциясының шеңберінде аудан кәсіпкерлеріне және тұрғындарына кәсіпкерлік саласы бойынша, қаржылық қолдау көздері мен тәртіптері бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізіліп, шаруа қожалықтардың көкейде жүрген мәселелері талқыланып, ұсыныс пікірлер айтылды.
«Менің Қазақстаным» пойызы» құрамында келген эстрада жұлдыздармен гала-концерт өткізілді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: