Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТА 8 ЖОБАҒА ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БӨЛІНДІ


Қызылорда қаласындағы индустриалдық аймаққа жалпы көлемі 123,2 гектарды құрайтын құны 163 млрд. 172 млн. теңгені құрайтын 8 жобаға жер телімдері бөлініп, 1023 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланды.
Атап айтқанда:
1.«Қызылорда қаласында табақша шыны шығару және өңдеу зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның ұсынушы мекеме «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ, жобаның құны 36,7 млрд. теңге, жаңадан 226 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы жылына 197 100 тонна шыны өндіру. Жобаға 50 гектар жер телімі табысталды.
2.«Ферроқорытпа зауытының құрылысы» жобасы. Жобаны ұсынушы «Байқоңыр» ӘКК» АҚ, жоба құны 86,7 млрд. теңге, жаңадан 644 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы жылына 162 мың тонна ферросиллиция өндіру. Жобаға 50 гектар жер телімі табысталды.
3.«Электронасостарды жинақтау өндірісін ұйымдастыру» жобасы. Жоны ұсынушы «KazPump»ЖШС, жоба құны 374 млн. теңге, жаңадан 47 жұмыс орны ашылады. Жобаға 2,2 гектар жер телімі табысталды.
4.«Қызылорда қаласында пенополиуретанды полиэтиленмен және мырышпен қапталған құбырларды өндіру» жобасы. Жобаны ұсынушы «Экосервис-К» ЖШС (Ақтөбе облысы), жоба құны 135 млн. теңге, жаңадан 20 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы жылына 16900 метр құбыр өндіру. Жобаға 2 гектар жер телімі табысталды.
5.«Металл сынықтарын қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру» жобасы. Жобаны ұсынушы «Шах Исмаран» ЖШС, жобаның құны 1500 млн. теңге, жаңадан 14 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы жылына 18 мың тонна металл сынықтарын балқытып өңдеу. Жобаға 5 гектар жер телімі табысталды.
6.«Қызылорда қаласында құрылысқа арналған пенобетон материалын шығару» жобасы. Жобаны ұсынушы ЖК «Арди», жоба құны 30,5 млн. теңге, жаңадан 7 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы жылына 17,2 мың м³ пенобетон блогы. Жобаға 1 гектар жер телімі табысталды.
7.«Қызылорда қаласында құрылысқа арналған газобетон материалын шығару» жобасы. Жобаны ұсынушы ЖК «Арди», жоба құны 32,5 млн. теңге, жаңадан 7 жұмыс орны ашылады. Қуаттылығы жылына 17,2 мың м³ газобетон блогы. Жобаға 1 гектар жер телімі табысталды.
8.«Тримо» ЖШС «Қуаттылығы жылына 500 тонна екіокись молибден ұнтағын үшокись молибден ұнтағына техникалық айналдыру өндірісін ұйымдастыру» жобасы. Жоба құны 1,0 млрд. теңге, жаңадан 58 жұмыс орны ашылады.Жобаға 4 гектар жер телімі табысталды.
9.«Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ-ның «Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна табақша шыны шығару және өңдеу зауыты құрылысы» жобасы. Жоба құны 36,7 млрд. теңгені құрап, жаңадан 226 адам жұмыспен қамтылатын болады. Іске асыру мерзімі 2019 жыл.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: