Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сырдарияда егілген 20600 гектар күріштің 94,1 пайызы суға бастырылды

Сырдария ауданы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін барлығы –  секундына 93,75 текше метр су жіберілуде. Жоспардан 7,45 текше метр су кем алынуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев мәлімдеді. 
- Биыл аудан бойынша 32659 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыру жоспарлануда. Ауданда күріш дақылы 20600 гектарға толық егіліп, оның 94,1 пайызы суға бастырылды. Су көлемі белгіленген лимиттен аз болғандықтан шаруалар кезектілікпен пайдалануда, - деді Талғат Нұртазаев.
Сырдария ауданы бойынша күріш дақылын суға бастыру үшін шаруашылық құрылымдары каналдар бойына 14 дана, қашыртқылар бойына 2 дана су сорғы құралдарын орнатқан.
- Бүгінгі мәлімет бойынша, Шардара су қоймасына секундына 89,4 текше метр су түсуде. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,6 текше метрге кем. Қоймадағы су көлемі 4098 млн. текше метр. Ал қоймадан төменге секундына 200 текше метр су жіберілуде, бұл өткен жылдан 100 текше метрге кем. Ал Көксарай су реттегішіндегі су көлемі 907,7 млн. текше метр, төменге секундына 340 текше метр су жіберілуде. Шардара мен Көксарайдағы су көлемі 5005,7 млн. текше метр. Қазіргі таңда Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 590 текше метр су жіберілуде,- деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Оспанов.
Облыстық коммуналдық меншікке 219 су шаруашылығы нысандары алынған. Оның 39-ы Сырдария ауданында орналасқан. Коммуналдық меншікке қабылданған су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең - кезеңімен атқарылуда. 
- Өткен жылы аудан бойынша 2 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп тазалау жұмыстары жүргізілді. Олар «Қызыл ту» каналы мен «Ақтам»каналы. Осы жұмыстардың нәтижесімен ұзындығы 8,7 шақырым канал тазаланып, елді мекендерді аяқ сумен толық қамтамасыз етуге жағдай жасалды. Биыл 3 каналға су шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленді, - деді «Казсушар» РМК Кызылорда облыстык филиалы директорынын орынбасары Жорабек Ерназар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: