«Сыбаға» бағдарламасымен асыл тұқымды ірі қарадан бөлек, мал және қой бағамын деушілерге жеңілдетілген несие беріледі. Алайда, асыл тұқымды мал асырайтындарға жеңілдік көп.
Былтырғы жылы бағдарлама бойынша Ақжарма ауылынан «Мақсат», «Нұрсерік», шаруа қожалықтары 260 бас, А.Тоқмағамбетов ауылынан «Қалмұрат» шаруа қожалығы 183 бас асыл тұқымды қалмақ сиырларын «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы сатып алды. Ал биылғы жылы Қоғалыкөл ауылынан «Сейтбек» шаруа қожалығы 80 млн теңгеге 100 бас ет бағытындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын сатып алуға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на өтінім тапсырып, құжаттары қазіргі уақытта қаралуда екен.