Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДЫҚТАР «МИКРОБИЗНЕС ҚЫЗЫЛОРДА» ЖОБАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРДІ

АРАЛДЫҚТАР «МИКРОБИЗНЕС ҚЫЗЫЛОРДА» ЖОБАСЫНЫҢ ИГІЛІГІН КӨРДІ«Микробизнес Қызылорда» жобасы аясында Арал ауданында соңғы 2 жылда жалпы құны 99,2 млн. теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылуда. Бұл ретте біз кәсіпкерлерге бизнес-жоспарларын әзірлеп, қаржыландыруға дейін толықтай қолдау таныттық», - дейді Кәсіпкерлер палатасы Арал аудандық филиалының директоры Қадырхан Еңсепов.
Осылайша жоба аудандағы 55 азаматтың тұрақты жұмыс табуына септігін тигізген.
Ауыл тұрғындарына арналған игілікті бастаманың шапағатын көріп отырған кәсіпкерлердің бірі Раиса Байжанова. Кәсіпкерлікпен айналысқанына бірнеше жыл болған Раиса Кеншінбайқызы үшін «Микробизнес Қызылорда» жобасы кәсібін дамытуға мүмкіндік берді.
Кәсіпкер бұған дейін де наубайхана ашып, нан өнімдерін шығарумен айналысқан. Өткен жылы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығынан алған 7,5 млн.теңгеге жаңа цехты іске қосып, пеш құрылғыларын алып, өндірісін кеңейтті. Бүгінде наубайханада күніне 3000-ға жуық нан өнімдері, 70 торт түрі, 25 келі печенье пісіріліп, тұтынушыларын тауып отыр.  
Аудан тұрғындары жыл өткен сайын шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен қолдануда. Әсіресе жеңілдікпен несие алып, өз кәсіптерін ашушылар қатары артқан. Мәселен, өткен жылдың өзінде аралдықтар түрлі қаржы институттарынан алған 357,8 млн.теңгеге 88 жобаны жүзеге асырыпты. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: