Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АТАНШИДЕ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТҚА ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

АТАНШИДЕ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТҚА ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІЕл алдында есеп беру дәстүрі бойынша кеше аудан әкімі М.Оразбаев Атанши ауылдық округіне ат басын тіреді. 
Жиында арнайы бас қосқан ауыл тұрғындары алдымен өңірдің тыныштығы мен тәртібіне тікелей жауапты учаскелік полиция инспекторы мен ауылдық округтің әкімі Е.Назаровтың есебін тыңдады. 
Ауыл әкімінің есебінен белгілі болғандай, 2016 жылы ауылда 100 орындық №230 орта мектептің жаңа құрылысы пайдалануға берілген. 
Бұған қоса, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында көне мектеп-интернат ғимаратына 10 млн. 800 мың теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша аудандық бюджеттен 2 млн теңге қаржы алынып, ауылдың басты көшелеріне түнгі жарық шамдары орнатылған.
Ауылшаруашылық бағытына келсек, жалпы өңірде 82 қожалық өз мәнінде жұмыс жасауда. Соның ішінде, 2016 жылы дара кәсіпкер Қуанқан Назаров «Алтын асық» бағдарламасына сәйкес 2 млн теңге несие алып, ұсақ малдарын асылдандыру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, «Мырта» шаруа қожалығының төрағасы Б.Мақашев «Сыбаға» бағдарламасымен 5 млн теңге несие алып, асыл тұқымды ет бағытындағы 2 ақ бас бұқа сатып алған.
Есепті жиында сөз алған ауыл ақсақалдары аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекеннің жыл санап өркендеп келе жатқанын тілге тиек ете келе, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: