Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Ұлттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында бірлікті, әлеуметтік оптимизм мен болашаққа деген сенімділікті нығайту» әлеуметтік жобасы аясында бүгін Сол жағалау, Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауы бойынша ядролық электр станциясы аясында «АЭС құрылысы: дамыған елдердің тәжірибесі мен Қазақстан үшін даму мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының директоры П.Қанжарбекқызы ашып, әрі қарай сөз кезегі баяндамашыларға беріліп жалғасты.
Аталмыш іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ректорының қоғамдық жұмыстар жөніндегі кеңесшісі, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің директоры Әбдікәрімов Бақытхан Жүнайдұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Инжинирингтік технологиялар білім беру бағдарламасының зерттеуші-профессоры Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы, Тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай Яхияұлы және де азаматтық қоғам өкілдері, қоғам белсенділері мен ардагерлер қатысты. Қатысушылар әлемдік аренадағы атом энергетикасының өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылады.
Дөңгелек үстел барысында атом энергетикасының көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, оның электр энергиясын тұрақты және экологиялық таза өндіру үшін маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, атом энергиясы тұрақты электр энергиясының көзі болғандықтан, АЭС салатын кез келгенін, атом электр станциясының салынуы ел экономикасының дамуына зор үлес қосатыны айтылды.
Талқылаудың негізгі тақырыптары атом станцияларының қауіпсіздігі, ядролық қалдықтарды басқару, бейбіт атом энергиясын пайдаланудың экономикалық орындылығы, сондай-ақ АЭС-ті пайдаланудың халықаралық тәжірибесіне және оның Қазақстанның энергетикалық секторын дамыту үшін маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында азаматтық қоғам өкілдері Қазақстанның тұрақты және қауіпсіз энергетикалық болашағын қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігін атап өтіп, атом энергетикасы саласындағы диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.