Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАНАШЫРЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

«ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖАНАШЫРЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

 

Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің мәжіліс залында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Саяси қуғын-сүргін құрбандары: Ұлт болашағының жанашырлары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты архив мекемелерінің ұйымдастырды. Аталмыш шара отызыншы жылдар ойранында опат болған, азап лагерлерінде жазықсыз жапа шегіп, кұрбан болған арыстарымызды еске сақтау, олардың есімдерін ұмытпай келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында өткізілді. 
Аталмыш іс-шараға М.Шоқай атындағы қоғамының төрағасы Б. Атабаев, Қазақ Гуманитарлық заң және техникалық колледжінің мұғалімдері, студенттері, М.Шоқай атындағы №187 мектептің мұғалімдері, архив мекемелерінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. 
Шара барысында Қазақстанда орнаған кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы келеңсіз, әділетсіз жан-жақты зерделенген оқиғалар, өткен тарихымыздың ақтаңдақ беттерін терең және тура түсінуге жол ашқан құжаттар, ХХ ғасырда қазақ халқының басынан кешірген ең бір зұлмат аштық, жаппай ұжымдастыру, бас көтеріп ұлтының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған елінің ертеңі үшін тірек болар ел азаматтарының жаппай жаладан тұтқындалып, қуғын-сүргінге ұшырағаны туралы архив мамандарының кең көлемді баяндамалары тыңдалды.
Сонымен қатар, кездесуде архив қоры құжаттары негізінде әзірленген 1937-1938 қуғын-сүргінге ұшыраған халықтың ащы шындығын, ақиқат деректерін бейнелейтін құнды құжаттарынан көрме әзірленді.
Көрмеге саяси-қуғын сүргін құрбандары ұлт жанашырлары – Темірбек Жүргенов, Мұстафа Шоқай, Бегайдар Аралбаев, Сүлеймен Есқараев, Темір Камалов, Әбу Құдабаев, Нығмет Нұрмақов, Ибадулла Нұрмұхамедов, Садықбек Сапарбеков сынды Алаш азаматтарының өмірдеректері, жеке карточкалары, суреттері, ақталу құжаттары көрермен назарына ұсынылды.
Көрмеге 59 құжат, 6 сурет, 10 кітап, материалдары қойылып, дөңгелек үстел қатысушыларына экскурсия жүргізілді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: