Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Парақор басшылар заң алдында тиісті жазасын алды

Парақор басшылар заң алдында тиісті жазасын алдыҚызылорда қаласының №2 сотында Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық Департаменті мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы А. пен Сырдария аудандық Қазынашылық басқармасының бұрынғы басшысы Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл жөнінде облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сот отырысында анықталғандай, 2010 жылдың қазан айының ішінде сотталушы А., делдал сотталушы Ж. арқылы жәбірленуші Т.-ге Сырдария ауданы бойынша басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындайтынын айтып, 1 500 АҚШ долларын, яғни 180 мың теңге талап етеді.
Келесі кездескенде, 2012 жылдың наурыз айында сотталушы А. қызмет бабымен Сырдария ауданына келіп, жәбірленуші Т.-ны сыртқа шақырып алып, оған басқарма басшысының орынбасары Б.-ның зейнетке шығатынын, кейін басқарма басшысы зейнетке шыққан кезде оның орнына басшы ретінде тағайындайтынын айтып, сол әрекеті үшін 600 мың теңге пара алады.
Қызылорда  қалалық №2 сотының 14 шілде 2015 жылғы үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, мемлекеттік  қызметпен айналысу құқығынан 5 (бес) жылға айырыла отырып,  параның  елу  еселенген сомасы мөлшерінде 39 млн (отыз тоғыз миллион) теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 313 бабының 2 бөлігімен (01.01.2015 жылға дейін қолданыста болған) кінәлі деп  танылып,  1 (бір)  жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: