Шиелі ауданының прокуратурасының бастамасымен аудан әкімі орынбасарының жанынан жайылымдық мақсаттағы пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау және заң аясында шара қолдану үшін жұмысшы топ құрылдыҚұрамына кент, ауылдық округ әкімдіктері, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ветеринария саласының қызметкерлері енді.
Жалпы аудан бойынша жайылымдық мақсатта 645 жер пайдаланушыда көлемі 139 490 га жер учаскесі тіркелген.
Жұмысшы топпен жүргізілген аралаудың нәтижесінде 30.01.2021 жылғы жағдай бойынша 72 жер учаскелерінің (көлемі 7505 га) пайдаланылмайтыны анықталған.
Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде жергілікті өкілді органдардың пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін он еседен асырмай арттыруға құқығы бар (Салық кодексінің 509-бабы).
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi пайдаланбау ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 338-бабы).
Өткен жылы да прокуратураның үйлестіруімен бұл бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде құны 4 млн. теңгеден астам 9 жер учаскелері мемлекетке қайтарылып, 6 жер учаскесінің иесінен 10 еселенген салық мөлшері алынды.