Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Дәрігер коронавируcтен сақтанудың қарапайым 5 ережесін айтты


Қазақстанның жетекші жұқпалы аурулар маманы Динагүл Баешева вирустық аурулардан қорғайтын бес маңызды ережені айтты, деп хабарлайды
Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жұқпалы аурулар жөніндегі маман ретінде мен респираторлық инфекциялардан қорғанудың бес маңызды қағидаларын сақтауды ұсынамын. Біріншіден, адамдар көп жиналатын орындарға барудан аулақ болыңыз, екіншіден, ЖРВИ белгілері бар адамдармен байланыста болмаңыз, қолыңызды сабынмен және сумен үнемі жуыңыз. Үшіншіден, қоғамдық орындарда екі-үш сағаттан маскалар киіңіз. Төртіншіден, түшкіру мәдениетін сақтаңыз: бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз, егер олар жоқ болса, білегіңізбен бетіңізді жауып түшкіру керек. Бесіншіден, ет өнімдерін жақсылап қайнату керек, қуыру керек. Көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен шаю керек. Базарларда жемістерді жумай дәмін татып көрмеңіз", - деді Динагүл Баешева.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: