WhatsApp мобильдік бағдарламасы арқылы «Қызылорда зонасынан 17 адам қашып шығыпты» деген мазмұндағы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін, яғни көрінеу жалған ақпарат екендігін хабарлаймыз.
Қызылорда облысындағы жедел ахуал бірқалыпты, ешқандай төтенше жағдай орын алған жоқ және толық бақылауда.
Сабырлық сақтауларыңызды сұрай отырып көрінеу жалған ақпаратты тарату – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертеміз.