Ұлттық банк "Қызылорда" ескерткіш монетасын шығарды
ҚР Ұлттық банкі 7 монетаны айналымға шығарды. Оның 4-уі ескерткіш және 3-уі мерейтойлық монета болып табылады.
Аталған монеталар ағымдағы жылдың 7 тамызда шығарылды. Бұл монетаның номиналдық құны 50 теңгелік, нейзильбер қоспасынан жасалған. Олар «Дала қазынасы», «Тайқазан», «Ғарыш», «Буран», «Қазақстанның қалалары», «Қызылорда», «Орал» ескерткіші деп аталады.
Нейзильбер қоспасынан «Буран» ескерткіш монеталарының да диаметрі 31 мм, массасы 11,17 грамм, таралымы 100 мың дана. «Ғарыш» монеталар сериясынан «Буран» ескерткіш монетасы ғарышты зерттеу және ғаламның құпияларын тану тарихындағы айтулы оқиғаларға арналған серияны жалғастыратын нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың тоғызыншы жұбы болып табылады.
«Буран» «Энергия-Буран» бағдарламасы шеңберінде құрылған, кеңестік көп реттік көліктік ғарыш жүйесінің орбиталық ғарыш кемесі. Өзінің алғашқы және жалғыз ғарышқа ұшуын «Буран» пилотсыз режимде 1988 жылғы 15 қарашада жүзеге асырды. Бұл факті ғарыш аппаратының ұшуы және оның борттағы компьютердің басқаруымен Жерге автоматты түрде қонуы Гиннесстің рекордтар кітабына енді. Ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан «Энергия» тасымалдауыш-зымыранының көмегімен ұшырылды.
Нейзильбер қоспасынан жасалған «Қызылорда», «Орал» ескерткіш монеталарының диаметрі 23 мм, массасы 4,71 грамм, әрбіреуінің таралымы 50 мың дана.
«Қызылорда» және «Орал» ескерткіш монеталарының бір мың данасы жақсартылған сапамен дайындалды және арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды.
Сондай-ақ Ұлттық банк номиналдық құны 50 теңге, нейзильбер қоспасынан «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» мерейтойлық монеталары және номиналдық құны 500 теңгелік, «proof» сапасымен «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «2015 - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» мерейтойлық күміс монеталарын айналысқа шығарады.