Жергілікті деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдында есеп беруі Жалағаш ауданындағы Жаңадария ауылдық округінде жалғасты.
Аудан әкімі Т.Дүйсебаев және ауылдық округ әкімі Р.Ақпанбетов халық алдында есеп беріп, атқарылған және алдағы уақытта атқарылмақ жұмыстарға тоқталып өтті.
Жаңадария ауылдық округі аумағында 14 шаруашылық қожалық орналасқан. «Ақниет» бағдарламасы бойынша С.Олжабайқызы тігін шеберханасын ашып тапсырыстар қабылдауда. «Ақмерей» қуыршақтар отауы аудан балабақшаларында қойылымдарын көрсетуде.
2016 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 3 ауыл тұрғыны 6 млн. 500 мың теңге несие алып, кәсіпкер ретінде салық басқармасына тіркеліп, мал шаруашылығы және 30 басқа арналған мал бордақылау алаңын салу жұмыстарын жүргізуде.