Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада телемұнараға мініп алған жігіт құтқарылды

Қызылорда қаласында телемұнараға мініп алған жігіт құтқарылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне түнгі 00.23-те Негодалов көшесіндегі телемұнараға 25 жастағы жігіттің мініп, түсе алмай тұрғаны жөнінде хабар келіп түсті. Департаментке қарасты жедел құтқару жасағынан 1 техника мен 5 құтқарушы оқиға орнына жедел жетті. 
Қаладағы бесінші өрт сөндіруші бөлімшесінен оқиға орнына 2 қызметкер 1 автосатымен келді. 
«Телемұнараға үш құтқарушы шықты. Мамандар жігітті 116 метр биіктен төмен түсірді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жас жігіттің мұндай қадамға не үшін барғаны зерттелуде. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: