Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

НЕМЕРЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛЕНДІ

НЕМЕРЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛЕНДІҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер С-ның жауапкер А-дан немерелерімен кездесу уақытын белгілеу туралы азаматтық іс қаралды. 
Бұл жайында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Талапкер С. талап арызында баласынан үш немересі барын, алайда, жауапкер немерелерімен кездестірмей отырғанын, сол себепті жауапкер А.-ға немерелерін кездесу уақытын белгілеуді сұраған.
Сот отырысында талапкер С. мен жауапкер А. балалармен кездесу орны мен уақыты жайлы бірауыздан бітімгершілік келісімге келді.
Талапкер мен жауапкерге азаматтық істі өндірістен қысқартудың құқықтық салдары түсіндіріліп, бітімгершілік шарттары сот отырысында  жасалып, қол қойылып, сотпен бітімгершілік келісім шарты бекітілді. Азаматтық іс өндірісі қысқартылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: