Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Халықаралық Қарттар күні мерекесіне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында мерекелік шара өтті.
Аудан әкімі Ғалым Әміреев аудан әкімдігінде жұмыс жасап, зейнетке шыққан ардагерлерді мерекемен құттықтап, құрметті демалысқа шыққанмен де, белсенділік көрсетіп, қоғамдық жұмысқа араласып, жас ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған жобаларды іске асыру жолындағы көмектері үшін алғысын білдірді. Шара соңында ардагерлерге сый-құрмет жасалды.
Сондай-ақ, аудан басшысы Ғ.Әміреев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зейнабдин Шермағамбетов Қожакент ауылдық округінің тұрғыны, 101 жастағы тыл ардагері Каримова Асия апамызды «Қарттар күні» мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады.