Аймақтағы апаттық жағдайдағы 11 мектептің 5-нің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. «Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұрат Тілеуімбетов баяндады» еп хабарлайды Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Биыл аймақтағы апатты жағдайдағы 11 мектептің құрылысына қаржы бөлінді. Қазір барлық мектептердің құрылыс жұмысын бастауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүріп жатыр. Апаттық жағдайдағы 11 мектептің 5-нің құрылысын биылғы жылдың аяғына дейін аяқтауды міндет етіп отырмыз. Арал ауданынан 3 мектеп, Қазалы ауданынан 2 мектеп, осы 5 мектептің құрылысын биылғы жылдың соңына дейін бітіруді жоспарлап отырмыз» - дейді
М. Тілеуімбетов.
Жыл басынан бері білім беру саласы бойынша Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында 300 орындық 2 мектеп, Жаңақорған ауданында 100 орындық бір мектеп пайдалануға берілген. Жалпы есепті кезеңге ағымдағы жылы құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 30 нысанның 7-і пайдалануға беріліп, 10 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.